ӨНДІРІС

KSP Steel – шикізаттан дайын өнімге дейін – өндірістің аяқталған циклы бар кәсіпорын.  Зауыттың өндірістік кешеніне болат құю цехы, құбыр илемдеу өндірісі мен құбырларды тазартып өңдеу желілері кіреді. Бұндай Сапаны менеджмент жүйесімен қолдау көрсетілетін біріктірілген құрылым компания потенциалын барынша тиімді іске асыруға мүмкіндік береді.

KSP Steel зауытының жобалық қуаттылығы 350 мың т. дейін өндірісті кезекті ұлғайту мүмкіндігі  бар жылына 270 мың т. жіксіз болат құбырларды құрайды. Кәсіпорын 50 мың тоннаға дейін сорғы-компрессорлық құбырларды (СКҚ), 150 мың тонна шегендеу және 150 мың тонна мұнай өткізу құбырларын жыл сайын өндіруге қабілетті. 2007 жылы шығарылған құбыр өнімінің көлемі 2200 тоннаны құрады. 2008 жылы құбырларды өндіру айына 7000 т деңгейіне жетті. Қазір зауыт ай сайын 15 мың т құбыр өнімін шығарады, ал 2010 жылы айына 22,5 мыңға дейін жобалық қуаттылыққа шығу жоспарланады. Кәсіпорын төрт ауысыммен үздіксіз металлургиялық цикл бойынша жұмыс жасайды. 

KSP Steel зауыты өз саласында танылған көшбасшылар болып табылатын Danieli, MAC, Cartacci, Tuboscope, Bronx, Colinet, PMC, Tiede, Sidermontaggi  сияқты компаниялардың жабдығымен қамтылған.