МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ СЕРВИС

Сапа, Сенімділік, Ашықтық және Сервис – бұл KSP Steel  өзінің серіктестері мен тұтынушыларымен өзара әрекеттесу кезінде басшылыққа алатын негізгі қағидаттары. Әрбір клиентке компания, оның бизнесіне негізделген жеке амалдарды қолданады.

Сапа.
Келісім-шарттарды жасау кезінде сапалы көрсеткіштерді бөлшектеу,  KSP Steel жабдығын қолдану негізінде сапаны бақылау рәсімдерін мақұлдау, клиенттерге сапаны бақылау туралы қосымша деректерді, сондай-ақ қосымша сапаны сынау сертификаттары мен хаттамаларын ұсыну жүйесі әзірленген.

Сенімділік.
Жеткізу тұрақтылығы, баға белгілеудегі болжамдылық, келісім-шарттық міндеттемелерді орындау кезіндегі мұқияттылық.

Ашықтық.
Клиентке тапсырысты орындау барысы туралы барлық қажетті деректер, жасалған тиелімдер, тапсырыстың қаржылық жағдайы туралы барлық қажетті деректер ұсынылады. Біздің тұтынушылар жаңа жабдықты пайдалануға енгізу, жаңарту, қосымша бақылау әдістері, жаңа өнім түрлерін әзірлеу, құбыр немесе сапасы жоғары құбырлар көлемдерінің жаңа ауқымдарын меңгеру туралы ақпаратты әрдайым уақтылы және «тура түпкі деректемеден» алады.

 

Сервис. 
Құбырлар таңбасын таңдаумен байланысты мәселелер, олардың пайдалану ортасына байланысты химиялық құрамы, бұрандасы және т.б. Бойынша қосымша кеңестер.

СКҚ бағанасын қалыптастыруға, не болмаса шегендеу құбырын түсіруге, олардың дұрыс  бұралып нығайтылуы немесе бөлшектенуіне көмектесетін техникалық мамандарды ұсыну. Пайдаланылған құбыр өнімін жою бойынша қызметтерді көрсету, пайдаланылған құбырды жаңаға жартылай ауыстыру.

Клиентте қоймалық құбырлар қорларын қысқарту, демек өзінің айналым қаражатын азайту үшін, Құбыр өнімінің тұтынушысын қамсыздандыру жүйесі әзірленген. Ол ұңғымаға шейін жеткізуді жоспарлауға қатысуды,  KSP Steel қоймасында клиентке қажетті өнімнің есептелген қорының болуы мен оның қажеттіліктерін есепке алып, жөнелтімдерді жүзеге асыруды қарастырады.