Компания

ТОО «KSP Steel», мұнай газ саласы үшін жіксіз болат құбырларды өндіру бойынша алғашқы қазақстандық кәсіпорын, оның негізі 2007 жылдың басында қаланған болатын. Компанияның өндірістік орталығы Павлодар қ. орналасқан, дәл осында 2007 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен KSP Steel зауытының ресми ашылуы өтті. Кәсіпорынның өндірістік объектілері орналасқан жалпы аумақ шамамен 133 га құрайды. Бұнда 7500 аса кәсіби дайындалған мамандар еңбек етеді. Зауыттың жұмысын Алматы қаласында орналасқан  компанияның бас кеңсесі үйлестіреді.     

 KSP Steel негізгі қызметі түрлі диаметрі мен мақсаты бар жіксіз болат құбырларды өндірумен байланысты. Бүгінде компания өнімі Қазақстанның машина жасау және өнеркәсіптік кәсіпорындармен мұнай-газ өндіретін және геологиялық барлау компаниялар объектілерінде құбырларды салу кезінде қолданылады. Ішкі нарыққа жеткізуден басқа, ол ТМД елдері (Ресей, Әзірбайжан, Түркменстан) мен алыс шетел мемлекеттеріне, соның ішінде АҚШ-қа белсенді экспортталады.

Құбыр илемдейтін зауыттың тиімді географиялық орналасуы өнімді жылдам тиеуге және оны Қазақстан аумағындағы кез келген стансаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Құбыр өнімін Ақтау порты арқылы теңіз кірепұлмен жеткізу мүмкіндігі KSP Steel-ге каспий маңы мемлекеттерінің нарығына, ал Ресей шекарасына таяулығы – Орталық және Шығыс Сібір нарығына шығуға жәрдемдеседі. Бұған, компанияға отандық жіксіз құбырларды әлемнің кез келген жеріне экспорттауға мүмкіндік беретін дамыған көлік жүйесі себеп болады. KSP Steel басты бәсекелі артықшылық және визит карточкасы әлемнің ең жоғарғы стандарттарына жауап беретін жіксіз құбырлардың сөзсіз сапасы болып табылады. Бұл бірегей жабдықты, сондай-ақ дайындалған құбыр өнімінің сапасын бақылау және сынау     дың жаңа әдістерін ендіру арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі заманғы құбыр илемдейтін өндірістің, қуатты ғылыми-техникалық базасы мен жоғары білікті қызметкерлердің болуы  KSP Steel брендті құбырларға әлемдік танылған көшбасшы өнімдерімен тең дәрежеде бәсекелесуге мүмкіндік береді.