Ферросилиций

Ферросилиций - ферроқорытпа. Басты құрауыштары — темір және кремний. Ферросилиций өндірісінің үдерісі кремнеземді қалпына келтіруге негізделген. Ферросилицийді электр техникалық, рессорлы-серіппелі, тотығу- және қызуға төзімді болаттарды балқыту үшін ашытатын және қосындылайтын қоспалар ретінде қолданады. Ферросилицийдегі кремнийдің құрамын ұлғайту оның тығыздығын төмендетеді. Кремний болаттың қаттылығын, үзілуге тойтарысты, иілгіштік пен аққыштық шектерін жоғарылатады, тотығуға тойтарысты ұлғайтады, электр энергия шығынын төмендетеді. Ферросилиций кремнийді кварциттен кокс көміртегімен қалпына келтіру арқылы доғалы ферроқорытпа пештерінде алады. Химиялық құрамы   ГОСТ 1415-93 сәйкес. Ферроқорытпадағы құрауыштардың құрамы келесіден артық емес салмақтық үлесімен:

  

Таңбалар(ГОСТ)

 Si

Al 

Mn 

Cr 

 ФС75

 74,0-80,0

0,1

0,02 

0,04 

0,4 

0,3 

 ФС70

 68,0-74,0

0,1 

0,02 

0,04 

0,4 

0,4 

 ФС65

 63,0-68,0

0,1 

0,02 

0,05 

2,5 

0,4 

0,4 

 ФС50

 47,0-52,0

0,1 

0,02 

0,05 

1,8 

0,6 

0,5 

 ФС45

 41,0-47,0

0,2 

0,02 

0,05 

0,5 

 Өнімділігі жылына 30000 тонна.