Газ тәрізді техникалық оттек


Физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша газ тәрізді техникалық оттек №1, №2, №3, №4 өзгертулерімен  ГОСТ 5583-78 сәйкес келеді. Тазалық  99,9%О2  құрайды.

 Техникалық газ тәрізді оттек металдарды газ жалынымен өңдеу үшін қолданылады. Оттек станциясы V-40л  болат баллондарды  ГОСТ 949-73 бойынша немесе 20 ºС кезінде (15,0±0,5) МПа ((150±5)кгс/см2) қысыммен автореципиенттерді газ тәрізді техникалық оттекпен толтырады. 

 

 Сұйық техникалық оттек

 Физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша сұйық техникалық оттек №1, №2, №3 өзгертулерімен  ГОСТ 6331-78 сәйкес келеді. Тазалық  99,9% О2 құрайды.

 Газ тәрізді оттекті шығарумен бірге, қондырғы сұйық оттекті танк-қоймасына құйылатын сұйық оттекті шығарады. Танк-қоймасынан оттек бөлігі тұтынушыға сұйық күйінде көліктік цистерналарға беріледі, оттектің басқа бөлігі газбен жабдықталады және сығылған күйінде V-40л  баллондарына,  20 ºС кезінде (15,0±0,5) МПа ((150±5)кгс/см2) қысыммен автореципиенттерге толтырылады.

 

 Оттекті сұйық күйде газдандырусыз және баллондарда газ түрінде газдандырумен шығару арасындағы арақатынас тұтынушылардың тапсырыстарына байланысты.

Сұйық техникалық оттек, металдарды газ жалынымен өңдеу және басқа техникалық мақсаттар үшін оның газдандырылуынан кейін қолданылады.

 Сұйық техникалық оттек криогенді өнімдерді сақтау мен тасымалдау үшін арналған арнайы көліктік цистерналар мен су қоймаларына құйылады. Техникалық оттек сондай-ақ криогендік сауыттарға құйылады.

  – Сұйық техникалық және медициналық оттек (сұйық түрінде немесе  газдандырылған  баллондарда V-40л.)  №1,№2,№3 өзгертулермен ГОСТ 6331-78 сәйкес, бірінші сұрып. Өндірістік қуаттылық жылына 1 489 тонна;

 

 Газ түріндегі технологиялық азот

 Газ түріндегі және сұйық азот №1, №2, №3 өзгертулермен  ГОСТ 9293-74 бойынша шығарылады. Тазалық ≤ 20 млн-1О2. құрайды. 

 Сұйық азот криогендік өнімдерді сақтау мен тасымалдау үшін арналған арнайы көліктік цистерналар мен су қоймаларына құйылады. 

 Оттекті станция  20 ºС кезінде (15,0±0,5) МПа ((150±5)кгс/см2) қысыммен  ГОСТ 949-73 бойынша V-40л болат баллондарды газ тәрізді технологиялық азотпен толтыруды жүргізеді.

 №1,№2,№3 өзгертулерімен  ГОСТ 9293-74 сәйкес ерекше таза сұйық азот (сұйық түрінде немесе V-40л. газдандырылған баллондарда ), екінші сұрып. Өндірістік қуаттылық жылына 1 489 тонна;

 

Газ тәрізді және сұйық аргон

Физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша, сұйық аргон №1, №2, №3 өзгертулерімен  ГОСТ 10157-79 сәйкес келеді. Тазалық ≥ 99,999 % Ar құрайды.

Сұйық оттекті шығарумен бір уақытта, ауа бөлгіш қондырғы танк-қоймасына құйылатын сұйық аргонды шығарады. Танк-қоймасынан аргонның бірінші бөлігі тұтынушыға сұйық түрінде көліктік цистерналарға беріледі, аргонның екінші бөлігі үнемі технологиялық сорғымен айдап шығарылады, газбен жабдықталады және Р=1,4-1,6 Мпа қысыммен зауыттық желіге бағытталады, аргонның үшінші бөлігі мерзімді айдап шығарылады, газбен жабдықталады және газбен шығарылады және Р=15,0 Мпа қысыммен  V-40л   баллондары мен автореципиенттерге толтырылады.  

 

 Сұйық аргон арнайы теміржол вагондар-цистерналарда теміржолдар бойынша тасымалданады. Автокөлікпен сұйық аргон  ГОСТ 17518 – 79 бойынша барлық типтік өлшемді сұйық аргонға арналған көліктік цистерналарда, сондай-ақ АГҚ типіндегі автокөлік газдандыру қондырғыларымен тасымалданады.

 - №1,№2,№3 өзгертулерімен ГОСТ 10157-79 сәйкес сұйық аргон (сұйық түрінде немесе V-40л газ шығаратын баллондарында), жоғарғы сұрып. Өндірістік қуаттылық  жылына 1 752 тонна;

 

        

 «KSP steel» ЖШС ПФ оттекті станциясымен барлық шығарылатын өнімге жыл сайын тауардың шығуы туралы сертификатты алады, СТ-KZ формасы.    

 
  

Жеткізу бағалары мен шарттары туралы барлық қажетті ақпаратты Сіз біздің сатуды басқару бөлімінің менеджерлерінен ала аласыз: marketing@ksp-steel.kz