Ұнтақталған болат шарлары

Ұнтақталған болат шарлары CТ ТОО 070140004107-003 «Илемделген болат шарлары. Техникалық шарттар» ұйым стандартына сәйкес бұрандалы калибрлері бар біліктерде ыстықтай идемдеу әдісімен дайындалады. Өндірілетін шарлар диаметрі 40, 60, 80, 100 мм.

Шарлар қаттылығына байланысты төмендегі топтарға бөлінеді:

1 – қалыпты қаттылық;

2 – аса жоғары қаттылық;

3 – жоғары қаттылық;

4 – ерекше жоғары қаттылық.

5 – шар қимасы бойынша нормаланған қаттылығы бар ерекше жоғары қаттылық (беті; тереңдігі 0,25; 0,5; радиусы 0,75; ортасы).

Ұнтақталған болат шарлары кендерді, көмірді, клинкерді және басқа материалдарды шарлы диірмендерде ұнтақтауға арналған. Өнімнің негізгі тұтынушылары – тау-кен байыту секторының кәсіпорындары, жылу электрстанциялары және қатты материалдарды ұнтақтауға қажеттілік тудыратын басқа кәсіпорындар.

Өнімді өткізу нарығының географиясы Қазақстан Республикасының шекарасымен шектелмейді. Ұнтақталған болат шарлары жақын және алыс шетел кәсіпорындарында кеңінен сұранысқа ие болады.

 

Сәйкестік сертификаты
Шары стальные катаные, 2,3,4 групп твёродсти, номинальных диаметров: 40, 60, 80, 100мм
Шары стальные мелющие