Түрікменстандағы сауда миссиясы

Түрікменстандағы сауда миссиясы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Kaznex Invest» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі Түрікменстанның сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп, қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сыртқы нарыққа экспортын ілгерілету шаралары аясында 2016 жылдың 24-26 тамызында Түрікменстандағы Ашхабад қаласында сауда миссиясын өткізді.

Іс-шараға машина жасау, химия, құрылыс, фармацевтика, тамақ және металлургия өнеркәсібінің 30-дан астам кәсіпорны, соның ішінде «KSP Steel» ЖШС өкілдері қатысты. Миссия барысында Түрікменстанның көтерме-сатып алу және дистрибьютерлік компанияларымен мүмкін болатын тауарларды жеткізу бойынша келіссөздер жүргізілді. Сонымен қатар Түрікменстанның мемлекеттік органдарында қазақстандық тауарларды тіркеу және қазақстандық компаниялардың Түрікменстанның мемлекеттік сатып алуларына қатысу мәселелері бойынша кездесулер өтті.

Қабылдаушы тараптың өкілдерімен екіжақты кездесулерде «KSP Steel» ЖШС өкілдері біздің кәсіпорында өндірілетін құбыр өнімдерінің артықшылықтары туралы айтты. Сонымен бірге «KSP Steel» ЖШС экспорттық мүмкіндіктері және сыртқы экономикалық ынтымақтастықтың басқа да мәселелері қарастырылып талқыланды.