Миссия және компания мақсаттары

KSP Steel – бұл толық өндірістік циклі бар (шикізаттан дайын өнімге дейін) мұнай-газ саласы үшін шығарылатын жіксіз болат құбырларының Қазақстандағы алғашқы өндірушісі

Біздің миссиямыз – мұнай өндіруші, геологиялық-барлау және машина жасау компанияларын отандық өндірістің сапалы құбыр өнімдерімен қамтамасыз ету. Инновациялық технологияларды қолдануға назар аудара отырып, біз еліміздің өндірістік-экономикалық әлеуетін нығайтуға және кеңейтуге өз үлесімізді қосуға тырысамыз.

Біздің мақсатымыз – «KSP Steel» ЖШС тұтынушылар үмітін қанағаттандыратын және оны асыра алатын сенімді, ашық және тұрақты серіктес ретінде танылуына қол жеткізу.

 

Сапа саласындағы саясат

«KSP Steel» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сапа саласындағы саясаты тапсырыс берушілердің талаптарын орындауға, олардың қажеттіліктері мен үміттерін қанағаттандыруды қамтамасыз етуге және белгіленген талаптарды қатаң сақтау арқылы олардың біздің өнімге деген сенімін қалыптастыруға бағытталған.   

Біздің компания өзінің тапсырыс берушілерін жоғары бағалайды. Осы мақсатта біз сапа менеджментінің жүйесін құрып енгіздік және оның белгіленген талаптарға сәйкестігін ұстап тұру мен оның нәтижелілігін үнемі арттырып отыру міндетін өзімізге алдық.

Біздің ұйым аясында менеджмент принциптеріне негізделген осы саясат «KSP Steel» («КейЭсПи Стил») жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басшылығының жауапкершілік саласы болып табылады, бұл сапа саласындағы мақсаттарға төмендегідей қолжеткізуге кепілдік береді:

  1.  Тиісті өндірістік процестерді қолдану.
  2.  Жаңа өндіріс технологияларын игеру және қолданыстағы технологияларды жетілдіру.
  3.  Ресурстармен қамтамасыз ету.
  4.  Өндірістік процестердің нәтижелілігі мен тиімділігін бағалау.
  5.  Сәйкессіздіктердің қайталануын болдырмау және олардың пайда болу себептерін жою.
  6.  Талаптарды орындау және сапа менеджменті жүйесінің нәтижелілігін үнемі жақсарту.
  7.  Тұтынушылардың қанағаттануын талдау.
  8.  Барлық мүдделі тараптар – тапсырыс берушілер, жеткізушілер, өз қызметкерлері, қадағалау және бақылау ұйымдарының өкілдері арасындағы сенім мен серіктестікке негізделген өзара тиімді ынтымақтастық.
  9.  Персонал құзыреттілігін үнемі арттыру.
  10.  Тәуекелдерді бағалау және олардың жағымсыз әсерін азайту бойынша іс-әрекеттерді жоспарлау.     

Сапаны қамтамасыз ету мақсатында басқарушы персонал нақты құжатталған ақпаратты әзірлейді және оны қолданысқа енгізеді, оған сәйкес әр қызметкер нақты және үйлесімді жұмыс істейді. Компанияның барлық персоналы жүйенің тиімді қызмет көрсету процесіне қатысады, өз жұмысының мақсатын түсінеді. Сапа жүйесінің жұмысында әрбір қызметкердің пікірі ескеріледі.

«KSPSteel» («КейЭсПи Стил») жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үнемі мониторингті жүзеге асырып, іскери ортаны талдап отырады, бұл ұйымның сыртқы және ішкі ортасындағы кез-келген өзгерістерге тиімді жауап беруге, осы өзгерістер бойынша уақытылы шешім қабылдауға, өз қызметін қолдауға және жетілдіруге мүмкіндік береді. Сапаны тұрақты түрде арттыруды есепке ала отырып, оның ұзақ мерзімді негізде жоспарлануын жүзеге асырады, жедел әрекетпен үйлесетін мұндай жоспарлау кәсіпорынға өз саласында сапа тұрғысынан көшбасшы болуға мүмкіндік береді

Жоғары басшылық сапа менеджменті жүйесінің талаптарын сақтау, осы саясатты компания қызметкерлеріне жеткізу және оларды орындау бойынша өз міндеттемелерін алады.