«KSP Steel» ЖШС машина жасау кешені ең үлкен габариттік өлшемдері 3000ммХ1500ммХ1500мм, салмағы 4 килограммнан 5 тоннаға дейінгі болаттан, шойыннан, қоладан және алюминий қорытпалардан болатын кез келген форма мен конфигурациядағы құймаларды жасайды. Еркін соғылатын соғылмалар – фланец диаметрі 380мм-ге дейін, ұзындығы 2500мм, салмағы бір тоннаға дейін. Штампталған соғылмалар (тістегеріштер, фланецтар, саңылаулары тесілген тәжді сомындар, муфталар, бұрыштықтар, айқастырмалар, біліктер, түзу ағыту сызығы бар иінтіректер және т.б.) – диаметрі 250мм-ге дейін немесе габариттері 100ммХ300мм-ге дейін, салмағы 0,3кг-нан 10кг-ға дейін, сондай-ақ ұнтақталған шарлар d50, d70, d90, d120, ГОСТ 7524-89 бойынша үшінші қаттылық тобы.