2013 жылы «KSP Steel» ЖШС жоғары кремнийлі қорытпаларды шығаруға бағдарланған цех пайдалануға қосылды. Ферроқорытпаларды шығару жөніндегі аталмыш жоба өндірістік қуаттылықты арттыру және өнімнің жаңа түрлерін шығаруды игеру арқылы өндірісті әртараптандыру мақсатында кәсіпорнымыздың кешенді дамуын көздейді. 2013ж. маусым айында қуаттылығы 9МВА болатын №1 ферроқорытпа пеші енгізілді, 2013ж. желтоқсанында қуаттылығы 24 МВА болатын №2 ферроқорытпа пеші енгізілді, 2015ж. сәуірінде қуаттылығы 24МВА болатын №1 пеш іске қосылды.
«KSP Steel» ЖШС құрамына кіретін ферроқорытпа өндірісі ISO стандарттары мен басқа стандарттары бойынша сертификатталған, олар әлемдік сапа сұраныстарына толық жауап береді. Ферроқорытпа өндірісі тұтынушыға бағдарланған. Өнімдеріміздің таралу географиясы жыл сайын кеңейіп келеді. Өнімдеріміздің негізгі тұтынушылары – ТМД елдері (көбінесе Ресейден сатып алады), Еуропа одағының (ЕС) елдері, Жапония және Корея.
Егер нақты сандарды қарастыратын болсақ, онда біздің цехымыз жыл сайын 30 мың тонна ферросилиций өндіре алады. Өнім 0-10мм, 10-50мм, 10-100мм фракциясымен жеткізіледі. Полиэтиленді биг-бегтер мен ашық контейнерлерде тасымалданады.
Ферроқорытпа өндірісінің даму перспективасы электр энергиясының төмен құны мен логистиканың қолайлылығын ескере отырып, Павлодар қ. осы өнеркәсіптік-экономикалық аймағында өте жоғары. Сондай-ақ металлургиялық өңдеу үшін қажетті барлық келіп түсірілетін өнімнің дерлігі Қазақстанда өндірілетінін және аз ғана бөлігі Ресейден сатып алынатындығын атап өткен жөн. Сондықтан металлургия саласы үшін өндірілетін өнім көлемінің өсуін осы аймақта болжауға болады және бұл өсу ақталып келеді. Импортты алмастыратын жоғары технологиялық инновациялық өндірісті құру міндеті әбден орындалуы мүмкін.