2012 жылы «KSP-Steel» ЖШС ПФ жаңа инновациялық жобаны іске асыруды, ұнтақталған болат шарларын шығару өндірісін құруды бастады.
Жаңа өндірістің жобалау қуаттылығы жылына 60 000 тонна шарларды құрайды. Өндірілетін шарлардың диаметрі 40-тан 100 мм-ге дейін өзгеруі мүмкін. Жобаны шамамен іске асыру мерзімі – 2013 жыл.
Бұл өнімдер кендерді, көмірді, клинкерді және басқа материалдарды шарлы диірмендерде ұнтақтауға арналған. Өнімнің негізгі тұтынушылары – тау-кен байыту фабрикалары, жылу электрстанциялары және қатты материалдарды ұнтақтауға қажеттілік тудыратын басқа кәсіпорындар.
Өнімді өткізу нарығының географиясы Қазақстан Республикасының шекарасымен шектелмейді. Ұнтақталған шарлар жақын және алыс шетел кәсіпорындарында кеңінен сұранысқа ие болады.
Орнатылатын технологиялық жабдық ең жоғары әлемдік стандарттарға сәйкес келеді. Барлық жеткізілетін жабдықтар Батыс Еуропа елдерінде шығарылады, ал шеф-монтажды және персоналдың оқытылуын жетекші итальяндық компаниялардың бірі жүзеге асырады. Өндіріс процесі максималды автоматтандырылған, қол еңбегі мүмкіндігінше аз қолданылады.
Жаңа өндірістің негізгі приоритеттері – шығарылатын өнімнің жоғары сапасы, қауіпсіздігі және экологиялылығы.
Жобаны іске асыру 103 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, бұл облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсартуға ықпал етеді.
Дөңгелек дайындама үздіксіз пеште илемдеу температурасына дейін қыздырылады, содан кейін қыздырылған дайындама шар илемдейтін клетьке жеткізіледі, мұнда шарлар бұрандалы калибрлеумен біліктерде илемделеді. Илемдеуден кейін шарлар термиялық учаскесіне жеткізіледі, онда шарларға талап етілетін қаттылық беріледі. Кейін шыңдалған шарлар жұмсарту операциясына өтеді.