Өнеркәсіптік газдар – оттегі, азот, аргон

Газ тәрізді техникалық оттегі

Физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша газ тәрізді техникалық оттегі №1, №2, №3, №4 өзгертулері бар ГОСТ 5583-78 сәйкес келеді. Тазалық 99,9%О2 құрайды. Техникалық газ тәрізді оттегі металдарды газ жалынымен өңдеу үшін қолданылады. Оттегі станциясы V-40л болат баллондарын ГОСТ 949-73 бойынша немесе 20 ºС кезінде (15,0±0,5) МПа ((150±5)кгс/см2) қысыммен автореципиенттерді газ тәрізді техникалық оттегімен толтырады.

 

Сұйық техникалық оттегі

Физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша сұйық техникалық оттегі №1, №2, №3 өзгертулері бар ГОСТ 6331-78 сәйкес келеді. Тазалық 99,9% О2 құрайды. Газ тәрізді оттегіні шығарумен бірге, қондырғы сұйық оттегіні танк-қоймасына құйылатын сұйық оттегіні шығарады. Танк-қоймасынан оттегі бөлігі тұтынушыға сұйық күйінде көлік цистерналарына беріледі, оттегінің басқа бөлігі газбен жабдықталады және сығылған күйде V-40л баллондарына, 20 ºС кезінде (15,0±0,5) МПа ((150±5)кгс/см2) қысымымен автореципиенттерге толтырылады.

Оттегіні сұйық күйде газдандырусыз және баллондарда газ тәрізді күйде газдандыру арқылы шығару арасындағы арақатынас тұтынушылардың тапсырыстарына байланысты болады.

Сұйық техникалық оттегі металдарды газ жалынымен өңдеу және басқа техникалық мақсаттар үшін оны газдандырудан кейін қолданылады.

Сұйық техникалық оттегі криоген өнімдерін сақтау мен тасымалдауға арналған арнайы көлік цистерналары мен резервуарларына құйылады.

Сондай-ақ техникалық оттегі криоген ыдыстарына да құйылады.

Сұйық техникалық және медициналық оттегі (сұйық түрінде немесе V-40л. баллондарына газдандырылған) №1,№2,№3 өзгертулері бар ГОСТ 6331-78 сәйкес, бірінші сұрып. Өндірістік қуаттылығы жылына 1 489 тонна;

 

Газ тәрізді технологиялық азот

Газ тәрізді және сұйық азот №1, №2, №3 өзгертулері бар ГОСТ 9293-74 бойынша шығарылады. Тазалық ≤ 20 млн-1 О2 құрайды.

Сұйық азот криоген өнімдерін сақтау мен тасымалдауға арналған арнайы көлік цистерналары мен резервуарларына құйылады.

Оттегі станциясы 20 ºС кезінде (15,0±0,5) МПа ((150±5)кгс/см2) қысымымен ГОСТ 949-73 бойынша V-40л болат баллондарын газ тәрізді технологиялық азотпен толтырады.

1,№2,№3 өзгертулері бар ГОСТ 9293-74 сәйкес ерекше таза сұйық азот (сұйық түрінде немесе V-40л. баллондарына газдандырылған), екінші сұрып. Өндірістік қуаттылығы жылына 1 489 тонна;

 

Газ тәрізді және сұйық аргон

Физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша сұйық аргон №1, №2, №3 өзгертулері бар ГОСТ 10157-79 сәйкес келеді. Тазалық ≥ 99,999 % Ar құрайды.

Сұйық оттегіні шығарумен бір уақытта ауа бөлгіш қондырғы танк-қоймасына құйылатын сұйық аргонды шығарады. Танк-қоймасынан аргонның бірінші бөлігі тұтынушыға сұйық түрінде көлік цистерналарына беріледі, аргонның екінші бөлігі үнемі технологиялық сорғымен айдап шығарылады, газбен жабдықталады және Р=1,4-1,6 Мпа қысымымен зауыттық желіге бағытталады, аргонның үшінші бөлігі мерзімді айдап шығарылады, газбен шығарылады және Р=15,0 Мпа қысыммен  V-40л баллондары мен автореципиенттерге толтырылады.

Сұйық аргон арнайы теміржол вагон-цистерналарда теміржолмен тасымалданады. Автокөлікпен сұйық аргон ГОСТ 17518-79 бойынша барлық типтік өлшемді сұйық аргонға арналған көлік цистерналарында, сондай-ақ АГҚ типті автокөлік газдандыру қондырғыларымен тасымалданады.

1,№2,№3 өзгертулері бар ГОСТ 10157-79 сәйкес сұйық аргон (сұйық түрінде немесе V-40л баллондарында газдандалған), жоғарғы сұрып. Өндірістік қуаттылығы жылына 1 752 тонна;

 

«KSP Steel» ЖШС ПФ оттегі станциясында шығарылатын барлық өнімдерге жыл сайын тауардың шығуы туралы сертификатты алады, СТ-KZ формасы.