ЖАҢАЛЫҚТАР

20.10.2026

БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі KSP Steel зауытына барды

Павлодарға жұмыс сапары аясында БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча «KSP Steel» ЖШС өндірістік нысандарына барды. Делегация кәсіпорынның жұмысымен, қолданылатын технологиялармен, инновациялар мен тұрақты өнеркәсіптік дамуға қатысты тәсілдерімен танысты.

20.10.2026

KSP Steel және Oil Services Company 2027–2029 жылдарға арналған құбыр өнімдерін жеткізу жөніндегі офтейк-келісімшартқа қол қойды

📌 «KSP Steel» ЖШС және «Oil Services Company» ЖШС 2027–2029 жылдар кезеңінде шегендеу және сорғы-компрессорлық құбырларды өндіру мен жеткізу жөніндегі офтейк-келісімшартқа қол қойды.

Қол қою рәсімі Орал қаласында Мұнай-газ машинасын жасауды дамыту форумы аясында өтіп, отандық құбыр өнімдерін өндіруші мен Қазақстанның мұнай сервистік секторы арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болды.

06.10.2026

KSP Steel KIOGE 2026 көрмесінде салалық ынтымақтастықты нығайтты

«KSP Steel» ЖШС 30 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Алматы қаласында өткен KIOGE 2026 халықаралық мұнай-газ көрмесіне қатысты. Өңірдегі негізгі салалық алаңдардың бірі дәстүрлі түрде мұнай-газ компанияларының, жабдық өндірушілердің, сервистік ұйымдар мен технологиялық шешімдер жеткізушілерінің өкілдерін біріктірді.

06.10.2026

KSP Steel «ИННОПРОМ. Беларусь» көрмесінде Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін таныстырды

«KSP Steel» ЖШС 30 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Минск қаласында өткен «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысты. Ауқымды өнеркәсіптік алаң 40-қа жуық елдің өкілдерін біріктіріп, халықаралық кооперацияны дамытуға, жаңа іскерлік байланыстар орнатуға және заманауи өндірістік шешімдерді таныстыруға мүмкіндік берді.

06.10.2026

KSP Steel «Ертіс – достық өзені, даму өзені» халықаралық форумына қатысты

27 қыркүйекте «KSP Steel» ЖШС іскерлік қоғамдастық, өнеркәсіп өкілдері мен халықаралық ынтымақтастықтың басқа да қатысушыларын біріктірген «Ертіс – достық өзені, даму өзені» халықаралық форумына қатысты.