KSP Steel үшін көрмеге қатысудың басты мақсаты нақты практикалық нәтижеге қол жеткізу — нарықпен тікелей диалог орнату, қолданыстағы серіктестік қатынастарды дамыту және ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындау болды.
Көрменің үш күнінде KSP Steel өкілдері қазіргі және әлеуетті серіктестермен бірқатар кездесулер мен келіссөздер өткізді. Жалпы алғанда, мұнай-газ және сабақтас салалардағы 150-ден астам компаниямен өзара байланыс орнатылды.
Келіссөздер барысында жіксіз болат құбырларды жеткізу, мұнай-газ кәсіпорындарының перспективалық қажеттіліктері, тапсырыс берушілердің өнімнің техникалық сипаттамаларына қоятын талаптары, сондай-ақ одан әрі ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.
KSP Steel стендінде мұнай-газ саласына арналған кәсіпорынның өз өндірісіндегі өнімдер, соның ішінде сорғы-компрессорлық, шегендеу және желілік құбырлар ұсынылды. Кездесулер барысында өнім желісін дамытуға және ұңғымаларды пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін шешімдерге ерекше назар аударылды.
KSP Steel іскерлік бағдарламасының маңызды бөлігі ұйымдастырушылар алаңында өткен «Өнімділікті арттыру және дебитті ұлғайту арқылы ұңғымаларға кешенді қызмет көрсету» тақырыбындағы салалық семинар болды.
Кәсіби қоғамдастықтың аталған тақырыпқа қызығушылығы жоғары болды: конференц-зал мұнай-газ және сервистік компаниялардың өкілдеріне, техникалық мамандар мен сала сарапшыларына толды.
Семинар барысында ұңғымаларды пайдалану тиімділігін арттырудың заманауи тәсілдері, механикалық әсер ету әдістері, заманауи ұңғымаішілік шешімдерді қолдану, ағынды басқару технологиялары және ұңғымалардың жұмысын оңтайландыру мәселелері талқыланды.
Жеке салалық семинар өткізу KSP Steel компаниясына өнімді дәстүрлі таныстыру шеңберінен шығып, бүгінгі таңда мұнай-газ кәсіпорындарының алдында тұрған өзекті міндеттерді талқылауға арналған кәсіби алаң қалыптастыруға мүмкіндік берді.
KIOGE 2026 мұнай-газ жабдықтары мен материалдарын өндірушілер үшін салалық көрмелердің барған сайын тек таныстырылым алаңы ғана емес, нақты жұмыс жүргізілетін іскерлік платформаға айналып келе жатқанын көрсетті. Мұнда тапсырыс берушілер өз талаптарын тікелей жеткізеді, өндірушілер кері байланыс алады, ал келіссөздер нақты техникалық және коммерциялық шешімдерді талқылауға ұласады.
Біздің компания мұнай-газ кәсіпорындарымен тікелей диалогты дамытуды, өнімдік және сервистік құзыреттерді кеңейтуді және отандық өндіруші ретіндегі нарықтағы позициясын нығайтуды жалғастыруда.
KSP Steel - Қазақстанда туған сапа.














