Муфталар

    Біздің кәсіпорын қымталанған, берік және ұзақ мерзімді қосылысын жасай отырып, құбырларды бір-біріне қосуға арналған НКТ, НКВ, NU, EU, ОТТМ, Buttress, LC, SC, ОТТГ муфталарын өндіреді. Барлық муфталар ГОСТ бойынша «Д» және «Р» аралығындағы немесе APISpec 5CT бойынша H40-тан Q125-ке дейінгі беріктік топтарының жоғары сапалы болаттан өндіріледі. Муфталарды өндіру үшін жоғары сапалы ыстықтай илемделген жіксіз құбырлар пайдаланылады. Муфта жоғары дәлдікті станоктарда өндіріледі. Әр муфта 4 бақылау кезеңінен өтеді – визуалды-өлшеу (құбырлар), ультрадыбыстық (құбырларды дефектоскопиялау), визуалды-өлшеу (муфтаны кесу), магнит ұнтақты (муфтаның бұрандасын дефектоскопиялау). Муфталарды пайдалану және қорғау мерзімін ұзарту мақсатында термодиффузиялық мырышты немесе мырыш-фосфатты жабын қолданылады.