Құбыр илемдеу өндірісі

KSP Steel құбыр илемдеу өндірісінің жүрегі – бұл металлургия өнеркәсібіне арналған жабдықты әлемдегі жетекші жеткізушілердің бірі Danieli компаниясы жобалаған технологиялық кешен. Зауыттың негізіне қаланған құрылымдық және технологиялық шешімдер бүгінгі күні жабдықтау тұрғысынан да, автоматтандыру деңгейі тұрғысынан да ең шүбәсіз шешім болып табылады. Бұл KSP Steel басшылығына құрылған өндірістің бірегейлігі туралы айтуына құқық береді.

Құбырды өндіру процесі келесідей жүзеге асырылады: дөңгелек құйма дайындамасы ыстықтай илемдеу желісіне келіп түседі, онда кесіледі, қыздырылады, тесіледі және талап етілетін қабырға ұзындығы мен қалыңдығында құбырды алғанға дейін илемделеді. Кейін қажет болған жағдайда, құбыр термоөңдеуден өтеді немесе бірден сапаны тексеру желісі мен таза өңдеу желісіне жеткізіледі. Барлық қажетті операцияларды аяқтағаннан кейін, KSP Steel құбырлары тиеп жөнелтілуге дайын болып есептеледі.

«KSP Steel» ЖШС ПФ – шикізаттан дайын өнімге дейінгі аяқталған өндіріс циклы бар кәсіпорын.

Зауыттың өндірістік кешені болат балқыту цехын, құбыр илемдеу өндірісін және құбырларды таза өңдеу желілерін қамтиды.

Зауыттың өндірістік қуаттылығы – жылына 270 мың тонна жіксіз болат құбырлары.

Кәсіпорын жыл сайын 50 мың тоннаға дейін сорғы-компрессорлық құбырларды (НКТ), 145 мың тонна шегендеу құбырларын (ОБС) және 75 мың тонна мұнай құбырларын өндіру мүмкіндігі бар.

«KSP Steel» ЖШС ПФ зауыты өз салаларында көшбасшы болып танылған DANIELI, MAC, CARTACCI, TUBOSCOPE, BRONX, COLINET, PMC COLINET, MORI SEIKI, TIEDE, KARL DEUTSCH SIDERMONTAGGI, УРАН сынды компанияларының жабдығымен жасақталған.

Кәсіпорындағы жалпы персонал саны 5092 адамды құрайды, оның ішінде 1435 адам құбыр илемдеу өнідірісінде. РСС (басшылар, мамандар, қызметшілер) жалпы персонал саны 973 адамды құрайды, оның ішінде құбыр илемдеу өндірісінде 157 адам. Кәсіпорындағы техникалық бақылау басқармасының барлық персонал саны 192 адам, оның ішінде құбыр илемдеу өндірісінде 107 адам.

 

 

Құбыр өнімдерінің спектрі:

- шартты диаметрі 60-тан 273мм-ге дейінгі мұнай-газ құбырлары;

- шеттері түсірілген және түсірілмеген сорғы-компрессорлық құбырлар, сондай-ақ шартты диаметрі 60-тан 114мм-ге дейінгі муфталар;

- шартты диаметрі 114-тен 245мм-ге дейінгі шегендеу құбырлары мен олардың муфталары.

 

Өнімнің тұрақты жоғары сапасына:

- импорттық және отандық шикізатты қолдану;

- технологиялық тізбектің барлық кезеңдерінде шикізатты кіріс бақылаудан бастап соңғы өнімге дейін сапаны бақылау;

- заманауи импорттық жабдықты пайдалану;

- жоғары теникалық талаптарға жауап беретін өз зертханамыздың болуы;

- персонал біліктілігінің жоғары деңгейі арқылы қол жеткізіледі.

 

Технологиялық процесс