ЖАҢАЛЫҚТАР

28.05.2026

KSP Steel - Қазақстандағы мұнай-газ саласына арналған болат жіксіз құбырлардың алғашқы өндірушісі атқарып келеді

Қазақстан - әлемдегі мұнай өндіретін ең ірі өңірлердің бірі. Мыңдаған шақырым құбыр желілері мен жүздеген бұрғылау ұңғымалары ең жоғары сапа стандарттарына сай келетін сенімді құбыр өнімдерін қажет етеді. Осы міндетті 2007 жылдан бері KSP Steel - Қазақстандағы мұнай-газ саласына арналған болат жіксіз құбырлардың алғашқы өндірушісі атқарып келеді.

28.04.2026

Мәні бар жүгіру: «Буран» компаниялар тобының қызметкерлері Run for Autism қайырымдылық марафонына қатысты

26 сәуір күні Astana қаласында Run for Autism қайырымдылық марафоны өтті. Бұл шара жыл сайын аутизм спектрі бұзылыстары бар адамдарды қолдау мақсатында түрлі жастағы және мамандықтағы адамдарды біріктіреді.

Биылғы марафонға «Буран» компаниялар тобының қызметкерлері, атап айтқанда «KSP STEEL» және «Полимерстрой Казахстан» өкілдері қатысты. Олар үшін бұл жарыс тек спорттық іс-шара ғана емес, сонымен қатар саналы қайырымдылық мәдениетіне өз үлесін қосу мүмкіндігі болды.

31.03.2026

Жоғары сапа, әлем мойындаған: ЖШС «KSP Steel» халықаралық стандарттарға сәйкес келетінін растады

Мұнай-газ саласында жеткізушіге деген сенім қатаң стандарттар мен өнімнің мінсіз сапасына негізделеді. Павлодар қаласындағы ЖШС «KSP Steel» зауыты (Қазақстан, Павлодар қ., Космонавттар к-сі, 1/2) өз мәртебесін тағы да растап, жетекші халықаралық институттардан сапа менеджменті жүйесін (СМЖ) тексеруден сәтті өткенін жариялады.

19.03.2026

Наурыз мейрамы 2026

Құрметті серіктестер мен әріптестер! Сіздерді Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мереке -жаңару мен татулықтың, береке мен молшылықтың белгісі. Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, жаңа жетістіктер мен тұрақты серіктестік тілейміз. Әр күніңіз қуанышқа, жылулыққа және игі бастамаларға толы болсын. Бізге артқан сенімдеріңіз үшін алғыс айтамыз. Серіктестігіміз одан әрі нығайып, ортақ табыстарға жеткізсін! Ізгі тілекпен!
07.04.2021

«Мұнай-газ түржиынындағы құбырлар» тобындағы 2020 жылғы үздік компания

Жыл сайын «Отын-энергетикалық кешен (ТЭК) жеткізушілерінің орталығы» ресейлік рейтинг агенттігі ірі тұтынушы компаниялары арасында сауалнама жүргізеді.

Отын-энергетикалық кешен жеткізушілері рейтингінің негізгі міндеті – ірі тұтынушы компанияларын тікелей сұрастыру арқылы өнімдер мен қызметтердің үздік өндірушілерін анықтау.