Көрмеде өңірдің 40-тан астам кәсіпорнының, оның ішінде «Павлодар» арнайы экономикалық аймағына қатысушы компаниялардың өнімдері ұсынылды. KSP Steel өз өндірісінің өнімдерін таныстырып, форум қатысушыларын кәсіпорынның өндірістік мүмкіндіктерімен таныстырды. Мұнай-газ саласына арналған жіксіз болат құбырларға, атап айтқанда сорғы-компрессорлық, шегендеу және желілік құбырларға ерекше назар аударылды.
Форум қонақтары KSP Steel өнімдерінің үлгілерімен танысып, өндіріс үдерісі, қолданыстағы сапа стандарттары, сондай-ақ кәсіпорынның қазақстандық және шетелдік тапсырыс берушілердің қажеттіліктерін қамтамасыз ету мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.
KSP Steel – Қазақстандағы мұнай-газ саласына арналған жіксіз болат құбырларды толық өндірістік циклмен шығаратын алғашқы және жалғыз өндіруші. Өндірістік үдеріс құбыр дайындамасын ыстықтай илемдеуден бастап термиялық өңдеу, сапаны бақылау және дайын өнімді жөнелтуге дайындауға дейінгі негізгі кезеңдерді қамтиды.
«Форумға қатысу – отандық өнеркәсіптің әлеуетін таныстыруға, қалыптасқан іскерлік байланыстарды нығайтуға және серіктестермен ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындауға мүмкіндік», – деп атап өтті KSP Steel өкілдері.
Халықаралық форумға қатысу Қазақстанда өндірілген өнімнің бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте көрсетуге, кәсіби диалогты кеңейтуге және KSP Steel компаниясын өнеркәсіптік жобаларды іске асырудағы сенімді серіктес ретінде таныстыруға мүмкіндік берді.
Компания халықаралық ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытуды, өзінің қатысу географиясын кеңейтуді және қазақстандық металлургиялық өнімді ішкі және сыртқы нарықтарда ілгерілетуді жалғастыруда.
KSP Steel – Қазақстанда туған сапа.





