«Мектепке жол» – KSP STEEL-мен бірге

«Мектепке жол» – KSP STEEL-мен бірге

Жаңа оқу жылы қарсаңында KSP STEEL компаниясы қызметкерлердің отбасыларына қолдау көрсету және балалардың оқу жылын қуанышпен әрі жақсы көңіл-күймен бастауына жағдай жасау мақсатында дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді.

Биылғы акция аясында 84 отбасы және 6-16 жас аралығындағы 216 бала қамтылды.

Мектеп оқушыларына қажетті кеңсе тауарларының жиынтықтары, сондай-ақ әр отбасы баласының жеке қажеттіліктеріне қарай қосымша оқу құралдарын таңдай алуы үшін сыйлық сертификаттары табысталды.

Әрбір санның артында – өз тарихы бар отбасы, өз арманы бар бала және 1 қыркүйек қарсаңында қолдау мен қамқорлықты сезінудің маңызы тұр.

KSP STEEL үшін қызметкерлерге деген қамқорлық – тек еңбек жағдайлары мен кәсіби дамуға қолдау көрсету ғана емес. Бұл – адамдарға, олардың отбасыларына және балаларының болашағына деген назар мен жауапкершілік.

Мектепке апарар жол білімге, жаңа жетістіктерге, достыққа және үлкен армандарға толы болсын!

KSP STEEL барша оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік, жарқын жетістіктер және тек алға қарай нық қадам басуды тілейді!