Көрмеде Қазақстанды өнеркәсіптің түрлі салаларындағы 20 отандық кәсіпорын мен әзірлеуші таныстырды. Ұлттық экспозиция аясында экспорттық әлеуеті жоғары өнімдер мен технологиялық шешімдер ұсынылды.
Қазақстанның металлургия саласын таныстырған кәсіпорындардың бірі — біздің KSP Steel зауыты. Компания мұнай-газ өнеркәсібіне арналған отандық жіксіз болат құбырлар өндірісінің мүмкіндіктерін көрсетті.
Экспорттық әлеуетті кеңейту
Көрме аясында KSP Steel кәсіпорынның негізгі өндірістік бағыттары мен даму перспективаларын таныстырды. Компания жіксіз құбырлар экспортын ұлғайтып, халықаралық жеткізілімдер географиясын кеңейтуді жалғастыруда.
Бір жыл ішінде KSP Steel АҚШ-қа өнім жеткізу бойынша жалпы сомасы 93 млн АҚШ долларынан асатын келісімшарттар жасасты. Бүгінгі таңда АҚШ нарығына шамамен 4,5 мың тонна құбыр жөнелтілді. Кәсіпорын өнімдері Канадаға, Мысырға және Орталық Азия елдеріне де экспортталады.
Сонымен қатар компания өнім түрлерін кеңейту бағытында жұмыс жүргізуде. Перспективалы бағыттардың қатарында ұңғымаларды салу және бұрғылау, сондай-ақ күрделі және жерасты жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде сұранысқа ие премиалды бұрандалы қосылыстары және ішкі коррозияға қарсы жабыны бар құбырлар өндірісін игеру бар.
Беларусь серіктестерімен жаңа келісімдер
KSP Steel компаниясының «ИННОПРОМ. Беларусь» көрмесіне қатысуының негізгі нәтижелерінің бірі Беларусь Республикасының жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындарымен ынтымақтастықты дамыту болды.
Беларусь-Қазақстан Іскерлік кеңесінің отырысы аясында KSP Steel коммерциялық директоры Бауыржан Қожабеков компания атынан «Беларусь металлургия зауыты» ААҚ-мен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжат кәсіпорындар арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға және өнеркәсіптік кооперация үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға бағытталған.
Сонымен қатар KSP Steel «БАЗ» компаниялар тобымен техникалық ынтымақтастық және тәжірибе алмасу туралы келісім жасасты. Тараптар кәсіби өзара іс-қимылды дамытуға, өндірістік құзыреттермен алмасуға және бірлескен жұмыстың перспективалы бағыттарын іздеуге мүдделі.
Құжаттарға қол қою KSP Steel компаниясының Беларусь өнеркәсіптік кәсіпорындарымен байланыстарын нығайтудағы маңызды қадам болды және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға негіз қалыптастырады.
Қазақстандық өндіріс халықаралық деңгейде
«ИННОПРОМ. Беларусь» көрмесіне қатысу KSP Steel компаниясына өз өнімдері мен өндірістік мүмкіндіктерін таныстырып қана қоймай, әлеуетті серіктестермен келіссөздер жүргізуге, жаңа іскерлік байланыстар орнатуға және одан әрі ынтымақтастық жөніндегі уағдаластықтарды бекітуге мүмкіндік берді.
«Халықаралық өнеркәсіптік алаңдарға қатысу бізге серіктестік географиясын кеңейтуге, жетекші кәсіпорындармен тәжірибе алмасуға және дамудың жаңа мүмкіндіктерін табуға жол ашады. Минскіде қол қойылған құжаттар — өнеркәсіптік кооперация мен ұзақ мерзімді іскерлік қатынастарды нығайту жолындағы тағы бір маңызды қадам», — деп атап өтті KSP Steel коммерциялық директоры Бауыржан Қожабеков.
KSP Steel экспорттық бағытты жүйелі түрде дамытуды, жаңа технологиялық шешімдерді игеруді және халықаралық серіктестік байланыстарды нығайтуды жалғастыра отырып, шетелдік нарықтарда заманауи қазақстандық металлургияның мүмкіндіктерін танытуда.
«ИННОПРОМ. Беларусь» көрмесі қазақстандық өндірушілердің өсіп келе жатқан әлеуетін, олардың халықаралық нарықтарда бәсекелесуге, технологиялық кооперацияны дамытуға және сұранысқа ие өнеркәсіптік өнім ұсынуға дайындығын көрсетті.
KSP Steel экспорттық бағытты дамытуды, шығарылатын өнімді жетілдіруді және ынтымақтастық географиясын кеңейтуді жалғастырып, Қазақстанды заманауи әрі бәсекеге қабілетті өнеркәсіптік өндірісі бар ел ретінде танытуда.
KSP Steel — Қазақстанда туған сапа.





