БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі KSP Steel зауытына барды

БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі KSP Steel зауытына барды

Павлодарға жұмыс сапары аясында БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча «KSP Steel» ЖШС өндірістік нысандарына барды. Делегация кәсіпорынның жұмысымен, қолданылатын технологиялармен, инновациялар мен тұрақты өнеркәсіптік дамуға қатысты тәсілдерімен танысты.

Сапар барысында БҰҰ өкілдері зауыттың өндірістік үдерістерімен және технологиялық мүмкіндіктерімен танысты. Делегацияға жіксіз құбырларды дайындаудың негізгі кезеңдері, соның ішінде ыстықтай илемдеу, термиялық өңдеу және өнім сапасын бақылау жұмыстары көрсетілді.

Делегацияға кәсіпорнымызға қызығушылық танытып, Қазақстан өнеркәсібінің дамуына назар аударғаны үшін алғыс білдіреміз.