KSP Steel және Oil Services Company 2027–2029 жылдарға арналған құбыр өнімдерін жеткізу жөніндегі офтейк-келісімшартқа қол қойды

KSP Steel және Oil Services Company 2027–2029 жылдарға арналған құбыр өнімдерін жеткізу жөніндегі офтейк-келісімшартқа қол қойды

📌 «KSP Steel» ЖШС және «Oil Services Company» ЖШС 2027–2029 жылдар кезеңінде шегендеу және сорғы-компрессорлық құбырларды өндіру мен жеткізу жөніндегі офтейк-келісімшартқа қол қойды.

Қол қою рәсімі Орал қаласында Мұнай-газ машинасын жасауды дамыту форумы аясында өтіп, отандық құбыр өнімдерін өндіруші мен Қазақстанның мұнай сервистік секторы арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болды.

Oil Services Company - мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылауға, күрделі және жерасты жөндеуге маманданған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес кәсіпорны.

KSP Steel - мұнай-газ саласын отандық өндірістің жоғары сапалы өнімдерімен қамтамасыз ететін, жіксіз болат құбырлар өндірудің толық циклі бар Қазақстандағы алғашқы әрі жалғыз кәсіпорын.

🤝 KSP Steel үшін офтейк-келісімшарт жасасудың стратегиялық маңызы бар. Ұзақ мерзімді ынтымақтастық өндірістік қуаттардың жүктемесін алдын ала болжауға, өнім шығару көлемін жоспарлауға және кәсіпорынның Қазақстанның мұнай-газ саласындағы жеткізу тізбегіндегі орнын нығайтуға мүмкіндік береді.

Келісімнің ел ішіндегі құндылықты дамытуға, импорттық құбыр өнімдеріне тәуелділікті азайтуға және қазақстандық өндірушілердің мұнай-газ жобаларын іске асыруға қатысуын кеңейтуге қосатын үлесі ерекше маңызды.

Келісімшартқа қол қою «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның отандық тауар өндірушілерді қолдау және өндірісті жергіліктендіруді дамыту бағытындағы жүйелі жұмысының нақты нәтижелерін де көрсетеді.

KSP Steel мұнай-газ секторының ірі кәсіпорындарымен серіктестік қатынастарын дәйекті түрде нығайтып, өндірістік мүмкіндіктерін кеңейтіп, Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға үлес қосуды жалғастыруда.

KSP Steel - күшіміз сенімділікте.