Өнімдерді сертификаттау

Сертификаттау – бұл тауардың мәлімделген сапасын үшінші, тәуелсіз тараптың растау процедурасы. Ерікті және міндетті болуы мүмкін.

KSP Steel өнімдерінің сапасы өнімдердің сәйкестік сертификаттарымен расталады. Сәйкестік процедурасы әр түрлі жүйелерде жүзеге асырылады: Ресей Федерациясының ерікті жүйесі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі.

Компаниядағы техникалық реттеу ішкі стандарттау арқылы жүзеге асырылады. Ішкі стандарттау бойынша жұмыстарды жүргізу кәсіпорынның қолданыстағы сапа менеджментінің жүйесімен тығыз байланысты.    

Ішкі стандарттау заңнамалық және нормативтік талаптарды орындауға жағдай жасайды, бұл біздің кәсіпорынның техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, өз нақты қағидаларын орнатудың және стандарттарды қолданудың мүмкіндігі болып табылады.

Кәсіпорынның сапа менеджменті жүйесіндегі технологиялық процестерді стандарттау – зауыт өнімінің тұрақты сапасын қамтамасыз ететін механизм, бұл тұтынушыға «KSPSteel» ЖШС өндірілетін өнімдер оның талаптарына толық жауап беретініне кепілдік береді.

Компания мамандары тұрақты негізде ұлттық және халықаралық стандарттардың жобаларын, техникалық регламенттердің жобалары мен техникалық реттеу мен стандарттау саласындағы тізімдерді әзірлеу кезінде стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің жұмысына қатысады.

Стандарттау, сәйкестікті міндетті және ерікті бағалау (сертификаттау) саласындағы қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасымен де («Техникалық реттеу туралы», «Стандарттау туралы» заңдармен және Қазақстан Республикасында қолданылатын өзге де нормативтік құқықтық актілермен), өнімдеріміз жеткізілетін басқа елдердің заңнамасымен де реттеледі.

Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа енгеннен кейін, тауарлардың, сондай-ақ қызметтердің, капитал мен жұмыс күші қозғалысының еркіндігін қамтамасыз етуге және экономика салаларында үйлестірілген, келісілген немесе бірыңғай саясат жүргізуге берік негіз құрылды. Бұл өз кезегінде еріктілік пен теңдік қағидаттарында қалыптастырылған жаңа мемлекетаралық бірлестік негізінде Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) қатысушы мемлекеттері арасындағы сапалы қатынастарға көшудің жаңа деңгейі болып табылады.

Еуразиялық экономикалық одақ нарығында тауарлардың қауіпсіздігін бақылаудың тиімді механизмін жасау үшін өнімнің Одақтағы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін бағалау ерекше маңызды. Өнімдердің қауіпсіздігін, шығарылатын өнімнің сапасын және олардың Еуразиялық экономикалық одақтың қатысушы мемлекеттер арасындағы қозғалысын тиісті бақылануын қамтамасыз ету үшін ЕАЭО Бірыңғай сертификаты немесе Кеден одағының сәйкестік сертификаты әзірленді, бұл – әкелінетін өнімдердің Кеден одағындағы Техникалық регламенттердің талаптарына толық сәйкес келетіндігін растайтын құжат.

KSP Steel өнімдері Кеден одағындағы техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес сертификатталған (ТР ТС 010/2011, ТР ТС 032/2013).

Өнімнің техникалық регламентке сәйкестігін сертификаттау келесі артықшылықтарды қамтамасыз етеді:

• әр ел үшін бөлек құжат ресімдеу қажеттілігінің болмауы;

• сертификаттау процедурасынан өтуге кететін уақыттың айтарлықтай қысқаруы;

• мемлекеттер арасындағы тауар айналымын жеделдету, бұл олардың экономикасына оң әсер етеді;

• жекелеген компаниялар сатылымының айтарлықтай өсуі және олардың даму перспективаларының пайда болуы.

«KSPSteel» ЖШС Қазақстан Республикасындағы отандық тауар өндірушісі болып табылады. Бұл біздің кәсіпорынға 2020 жылдың 27 наурызында берілген Индустриалды сертификатпен расталады.

Біздің компания өнімдерді сертификаттау процедурасынан сәтті өтті: ИНТЕРГАЗСЕРТ ерікті сертификаттау жүйесіндегі ТБГ-1 тобындағы газ құбырлары, газлифтті өндіру жүйелері мен газ кен орындарына арналған жіксіз құбырлар. Берілген Сәйкестік сертификаты өнімнің «Газпром» жария акционерлік қоғамы (ПАО) стандарттарының талаптарына толық сәйкес келетіндігін растайды. Өнімдерді аттестаттау процедурасы «KSP Steel» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін «Газпром» жария акционерлік қоғамы (ПАО) объектілерінде пайдалануға рұқсат етілген материалдық-техникалық ресурстардың бірыңғай тізіліміне енгізуге мүмкіндік берді.

KSP Steel өнімдерінің қауіпті өндірістік объектілерде құбыр өнімдерін пайдалануға қатысты қосымша рұқсат бар. KSP Steel-дің ферроқорытпа өнімдері химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді, бұл Қауіпсіздік паспортымен расталады.

 

Өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын сапа мен қауіпсіздіктің ең үздік кепілі –Сертификат, ол қауіпті өнімді нарыққа жеткізуге тосқауыл қоятын тиімді құрал болып табылады.