«KSP Steel» ЖШС құбыр илемдеу өндірісінің С1 және С2 құбырлардың сапасын тексеру желілері бар, олар құбырлардың сыртқы және ішкі, бойлық және көлденең ақауларының бар болуын тексеруге, қабырға қалыңдығын 25% өлшеуге арналған.
Компания басшылығы тапсырыс талаптарына қарамастан, PSL 3 қабылдау деңгейі – API стандарттарының максималды талаптарына сәйкес барлық құбырларды бақылауға шешім қабылдады, C1 және C2 бұзбай бақылау желілерінде бұзбай бақылау жабдығы модернизацияланды, бұл құбырды бірден екі бұзбай бақылау әдісімен бақылауға мүмкіндік береді: магниттік ағынды шашырау әдісі және құбыр қабырғасын 100% бақылау арқылы құбырлардың сыртқы және ішкі, бойлық және көлденең ақауларының бар болуына қарай ультрадыбыстық бақылау.
Аталмыш іс-шараларға құбырлардағы бойлық (ішкі және сыртқы) ақауларын анықтауға арналған «Amalog» қондырғыларын модернизациялау, құбырлардағы көлденең (ішкі және сыртқы) ақауларын анықтауға арналған «Sonoscope» қондырғыларын модернизациялау; қысушы ролик жиынтықтарын ауыстыру, сондай-ақ ультрадыбыстық дефектоскопиялаудың жаңа жүйесіне ауыстыру және «Truscope» қабырға қалыңдығын анықтау жүйесіне ауыстыру арқылы «WallMonitor» қондырғыларын жақсарту (төрт құраушы бойынша құбырлар қабырғасының қалыңдығын өлшеу үшін) жатады.
Табысты жұмыс нәтижесінде құбырдың бүкіл шеңбері бойынша сөзсіз сапа бақылауын қамтамасыз ету мүмкіндігі пайда болды; жабдықтың авариялық тоқтап қалуы қысқартылды; API және ГОСТ стандарт талаптарына кірмейтін қатаң талаптары бар құбырлардың премиум сегментінің сапасын бақылау мүмкіндігі пайда болды.