Қазіргі уақытта біз муфта учаскесінің өнімділігін арттыру жобасын сәтті іске асырдық. Оны іске асыру барысында «KARL DEUTSCH Pruef- und Messgeraetebau GmbH + Co KG» компаниясының магнит сұйықтықты бұзбай бақылау қондырғысы және «LINSINGER Maschinenbau Gesellschaft m.b.H» компаниясының жоғары өнімді дискілі арасы орнатылды.
«LINSINGER Maschinenbau Gesellschaft m.b.H» компаниясы 70 жылдан астам уақыт металлургиялық жабдық нарығында көшбасшы болып табылады. «LINSINGER Maschinenbau Gesellschaft m.b.H» компаниясының KSA 800D типті дөңгелек аралы станок құбыр илемдеу цехының аумағында 2018 жылдың шілде айында пайдалануға берілді.
KSA 800D типті жоғары өнімді дөңгелек аралы станокты енгізудің негізгі міндеті – құбыр илемдеу өндірісінің таза өңдеу желісін муфталармен қосымша қамтамасыз ету.