QazTrade Accelerator бағдарламасы отандық өндірушілердің экспорттық әлеуетін дамытуға және олардың халықаралық нарықтардағы позицияларын нығайтуға бағытталған. Бағдарлама аясында қатысушылар экспортқа дайындық деңгейін бағалау, жаңа нарықтарға шығу стратегиясын әзірлеу, халықаралық сауда, логистика, өнімді сертификаттау, шетелдік серіктестерді іздеу және экспорттық ілгерілету мәселелері бойынша кешенді сараптамалық қолдауға ие болады.
KSP Steel үшін бағдарламаға қатысу экспорттық бағытты одан әрі дамытудың маңызды кезеңі болып табылады. Компания құбыр өнімдерін шетел нарықтарына жеткізу бойынша елеулі тәжірибеге ие және мұнай-газ, энергетика және өнеркәсіп салаларындағы халықаралық серіктестермен табысты ынтымақтастық орнатқан.
Бүгінде KSP Steel мұнай-газ саласына арналған жіксіз болат құбырлардың кең ассортиментін, соның ішінде шегендеу және сорғы-компрессорлық құбырларды, сондай-ақ жалпы мақсаттағы құбырларды өндіреді. Кәсіпорынның өндірістік қуаты мен халықаралық сапа сертификаттарының болуы компанияға Қазақстандағы және шетелдегі ірі тапсырыс берушілердің талаптарына сәйкес келуге мүмкіндік береді.
QazTrade Accelerator бағдарламасына қатысу KSP Steel компаниясының экспорттық стратегиясын күшейтуге, жеткізу географиясын кеңейтуге, жаңа халықаралық нарықтарға шығуға және қазақстандық өнімнің жаһандық нарықтағы позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.
«Экспорт біздің компанияның стратегиялық даму бағыттарының бірі болып табылады. QazTrade Accelerator бағдарламасына қатысу жаңа нарықтарды игеру бойынша жұмысты жүйелеуге, халықаралық қатысуды кеңейтуге және KSP Steel өнімдерінің шетелдік нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті компания өкілдері.
KSP Steel экспорттық бағытты дәйекті түрде дамытуды жалғастырып, Орталық Азиядағы жіксіз болат құбырлардың жетекші өндірушілерінің бірі және халықаралық жобалар үшін сенімді жеткізуші мәртебесін нығайтып келеді.
